Президенттік сынама
Аяқталған
Жаттығу

Президенттік сынама

«Президенттік сынама» қабылдаудың маңызы бірнеше маңызды аспектімен ерекшеленеді. Бұл сынама – Қазақстанда азаматтардың дене шынықтыру деңгейін бағалау үшін енгізілген нормативтер жиынтығы. Аталмыш сынаманың студенттер арасындағы маңыздылығын ескеріліп, білім алушылар арасында сынама алынды. «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы студенттері арасында алынған «Президенттік сынама» мақсаты мен міндеттері: - Салауатты өмір салтын білім алушылар арасында кеңінен насихаттау және денсаулықты нығайту; - Студенттердің дене шынықтыру деңгейін анықтау және олардың дене даярлығын арттыру үшін арнайы нормативтер бойынша сынама қабылдау; - Университеттерде спорттың маңызын түсіндіріп, студенттерді спорттық жарыстарға, дене шынықтыру мен спорттық шараларға қатысуға шақыру; - Студенттердің дене шынықтыру дайындығын анықтау ғана емес, оларды спортқа қызықтырып, салауатты өмір салтын насихаттау; - Спорт түрлері бойынша білім алушылар арасында университет құрама командасын жасақтау.

Салауатты университет – салауатты ұлт!
Аяқталған
Жарыс

Салауатты университет – салауатты ұлт!

«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімгерлерінің салауатты өмір салты ұстану деңгейін арттыруға бағытталған шаралар атқарылды. Жоба аясында «Салауатты университет – салауатты ұлт!» атты топаралық спартакиадасының мақсаты мен міндеттері: - Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықты арттыру, командалық бірлікті нығайту және жастардың бойында жауапкершілік, мақсаткерлік пен ынтымақ сияқты қасиеттерді қалыптастыру; - Университет ішінде салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, жастардың спортқа қызығушылығын арттыру, денсаулықтың құндылығын ұғындыру, белсенді демалыс пен дене тәрбиесін күнделікті өмір салтына енгізу, сонымен қатар ұжымдық рух пен ынтымақтастықты дамыту; - Жоғары оқу орны студенттерін спорттық сайыстар арқылы дене шынықтыру мен белсенді өмір салтына ынталандыру; - Спорт түрлері бойынша білімгерлер арасында университет құрама командасын жасақтау.

N6 Ғимарат 216 б, Спорт Факультеті