Сипаттамасы
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шкаласының ((WHOQOL-BREF) KАZ) жоғары оқу орны білімгерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңыздылығы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда келесі төмендегі бір топ ғалымдар баяндама жасады:
Эрдал Зорба – PhD доктор, профессор, Гази Университеті, «Спорттағы қабілет, жылдамдық, жаттығу және зерттеу» орталығының директоры (Түркия, Анкара);
Ниязов Асқар – профессор, Нүкүс Университеті, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі, (Өзбекстан, Нүкүс);
Ермаханов Бағлан Өмірзақұлы – PhD доктор, доцент м.а., «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шкаласы ((WHOQOL-BREF) KAZ) көрсеткіштерін талдау негізінде жоғары оқу орны білімгерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру» жобасының жетекшісі;
Данияров Талғат Абубакироич – п.ғ.к., профессор. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шкаласы ((WHOQOL-BREF) KAZ) көрсеткіштерін талдау негізінде жоғары оқу орны білімгерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру» жобасының жауапты орындаушысы.
Семинар барысында «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шкаласының ((WHOQOL-BREF) KАZ) жоғары оқу орны білімгерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңыздылығы» ғылыми тұрғыда айқындалып, оның қазіргі таңда аса қажеттілігіне көз жеткізілді.