Аға ғылыми қызметкер
Сиздиков Багдаулет Сапарбаевич - РhD, қауым. профессор, 2 монографияның, 40 аса ғылыми мақаланың авторы. Далалық және зертханалық зерттеулер жүргізудің жаңа әдістерін меңгерген. 2010-2016 жылдар магистратура және доктарантура бағдарламасы аясында Гази университетінде білім алған (Анкара каласы, Түркия Республикасы). 2012-2016 жылдары Түркия жеріндегі Курул Калесі, Ясы Хөйүк ескерткіштерінде жүргізілген зерттеулерге қатысқан. ҚР ҒжЖБМ ҒК тарапынан қаржыландырылған BR10965310 «Тарихи-мәдени мұра нысаны – ортағасырлық Сығанақ қалашығында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу» атты ғылыми бағдарламаның жетекшісі (Келісім-шарт №:376 «09» қыркүйек 2021 ж.), AP19678134 «Келес өңірінде орналасқан ежелгі Күлтөбе қалашығында археологиялық және пәнаралық зерттеулер жүргізу» атты ғылыми жобаның жетекшісі (Келісім-шарт №267/23-25 «03» тамыз 2023 ж.). 2022 жылғы ҚР ҒжЖБМ жас ғалымдарға арналған степендиясының иегері (28.12.2022 ж. №216 бұйрық).