М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қаласына (06.12.2023-09.12.2023)

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Орал қаласына (06.12.2023-09.12.2023)

Іссапар туралы

«Дене мәдениеті» кафедрасының PhD докторы, Ермаханов Бағлан Өмірзақұлы (жоба жетекшісі) мен «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.к., Данияров Талгат Абубакировичтің (жоба орындаушысы) 06.12.2023-09.12.2023 жж. аралығында Орал қаласына жасаған іс-сапары барысында атқарған жұмыстарының ҚЫСҚАША ЕСЕБІ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетімен 2023 жылы 03 тамыздағы №267/23-25 келісім-шарты бойынша AP19676522 «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шкаласы ((WHOQOL-BREF) KАZ) көрсеткіштерін талдау негізінде жоғары оқу орны білімгерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбындағы гранттық жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес, Орал қаласына 06.12.2023-09.12.2023 жж. күндері аралығында іс-сапарға бардық. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының оқытушы-профессорлары және «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімгерлері арасында Салауатты өмір салты шкаласы (WHOQOL-BREF) KАZ) Google-формда және бетпе-бет сауаланама жүргізілді. Сонымен қатар, «Туризм», «Математика», «Педагогика және психология» сынды білім беру бағдарламаларының студенттері де пәнаралық байланыстарды арттыру мақсатында да зертеу жұмыстарына қатыстырылды. Сауалнамадан алынған зерттеу нәтижелері ғылыми мақалалар мен баяндамаларда қолданылды. Нәтижесінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы салауатты өмір салты шкаласы туралы зерттеулер жүргізілді. Білімгерлердің салуатты өмір салтын ұстану деңгейін анықтаудағы қажеттілігі айқындалды. Іс-сапар аясындағы жүргізілген зерттеу нәтижелері Түркия Республикасының, Байбурт университетінде өткізілген халықаралық конгресте жарияланды: Üniversite Öğrencilerinin Egzersiz Bağımlılık Düzeylerinin Farklı Değişkenler Açısından İncelenmesi (Batı Kazakistan Makhambet Ötemisov Üniversitesi ile Kazak Spor ve Turizm Akademisi Örneği) // II. Uluslararası Dede Korkut Eğitim Araştırmaları Kongresi, 3-5 Еkim, Bayburt.

Мәліметтер

Галерея

3 сурет

Іссапар галереясы