«Дене мәдениеті» кафедрасының PhD докторы, Ермаханов Бағлан Өмірзақұлы (жоба жетекшісі) мен «Дене мәдениеті» кафедрасының профессоры, п.ғ.д., Мұхамеджанов Бақытжан Қалжанұлының (жоба орындаушысы) 13.12.2023-16.12.2023 жж. аралығында Алматы қаласына жасаған іс-сапары барысында атқарған жұмыстарының ҚЫСҚАША ЕСЕБІ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетімен 2023 жылы 03 тамыздағы №267/23-25 келісім-шарты бойынша AP19676522 «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шкаласы ((WHOQOL-BREF) KАZ) көрсеткіштерін талдау негізінде жоғары оқу орны білімгерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбындағы гранттық жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес, Алматы қаласына 13.12.2023-16.12.2023 жж. күндері аралығында іс-сапарға бардық. Қазақ спорт және туризм академиясы заманауи білім беру мен кәсіби маман даярлауда өзіндік тәжірибесі қалыптасқан тарихы терең оқу ордасы. Аталған академияның «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының оқытушы-профессорлары және «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімгерлері арасында Салауатты өмір салты шкаласы (WHOQOL-BREF) KАZ) Google-формда және бетпе-бет сауаланама жүргізілді. Іс-сапар аясындағы жүргізілген зерттеу нәтижелері Түркия Республикасының, Байбурт университетінде өткізілген халықаралық конгресте және Алматы қаласында өткізілген VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жарияланды: - ÜNIVERSITE ÖĞRENCILERININ EGZERSIZ BAĞIMLILIK DÜZEYLERININ FARKLI DEĞIŞKENLER AÇISINDAN İNCELENMESI (Batı Kazakistan Makhambet Ötemisov Üniversitesi ile Kazak Spor ve Turizm Akademisi Örneği) // II. Uluslararası Dede Korkut Eğitim Araştırmaları Kongresi, 3-5 Еkim, Bayburt. - ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ МЕН ӨМІР СҮРУ САПАСЫНА ҚАНАҒАТТАНУ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ // Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Еркін Кинаятұлы Уанбаевтың 70 жас мерейтойына арналған «білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация» VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы.
Галерея
4 сурет
«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімгер...
«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімгер...
«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімгер...
«Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімгер...