Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қаласы (11.12.2024-17.12.2024)

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қаласы (11.12.2024-17.12.2024)

Іссапар туралы

«Дене мәдениеті» кафедрасының PhD докторы, Ермаханов Бағлан Өмірзақұлының (жоба жетекшісі) 11.12.2024-17.12.2024 жж. аралығында Ақтөбе қаласына жасаған іс-сапары барысында атқарған жұмыстарының ҚЫСҚАША ЕСЕБІ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетімен 2023 жылы 03 тамыздағы №267/23-25 келісім-шарты бойынша AP19676522 «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шкаласы ((WHOQOL-BREF) KАZ) көрсеткіштерін талдау негізінде жоғары оқу орны білімгерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбындағы гранттық жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес, Ақтөбе қаласына 11.12.2024-17.12.2024 жж. күндері аралығында іс-сапарға бардым. Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мен Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеттерінде: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы салауатты өмір салты шкаласында (WHOQOL-BREF) KАZ қамтылған көрсеткіштер жөнінде зерттеулер жүргізілді; шкаланың білімгерлерге қажеттілігі айқындалды; студенттер арасында сауалнама жүргізілді; «Дене мәдениеті және спорт» саласындағы оқу орындардың әлеуетімен танысу жұмыстары іске асырылды; оқытушы-профессорлар құрамымен кездесіп, сұхбаттасу шаралары ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижелері жарияланымдарға ұсынылады.

Мәліметтер

Галерея

8 сурет

YouTube видео

Қарау үшін видеоны басыңыз

Іссапар видеосы

Іссапар галереясы