Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті , Қызылорда қаласына (04.12.2024-10.12.2024 ).

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті , Қызылорда қаласына (04.12.2024-10.12.2024 ).

Іссапар туралы

«Дене мәдениеті» кафедрасының PhD докторы, Ермаханов Бағлан Өмірзақұлы (жоба жетекшісі) мен «Дене мәдениеті» кафедрасының профессоры, п.ғ.д., Мұхамеджанов Бақытжан Қалжанұлының (жоба орындаушысы) және Phd доктор, «Компьютерлік инженерия» кафедрасының оқытушысы Аманов Ануарбек Нурсейтовичтың (жоба орындаушысы) 04.12.2024-10.12.2024 жж. аралығында Қызылорда қаласына жасаған іс-сапары барысында атқарған жұмыстарының ҚЫСҚАША ЕСЕБІ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетімен 2023 жылы 03 тамыздағы №267/23-25 келісім-шарты бойынша AP19676522 «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шкаласы ((WHOQOL-BREF) KАZ) көрсеткіштерін талдау негізінде жоғары оқу орны білімгерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбындағы гранттық жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес, Қызылорда қаласына 04.12.2024-10.12.2024 жж. күндері аралығында іс-сапарға бардық. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті заманауи білім беру мен кәсіби маман даярлауда өзіндік тәжірибесі қалыптасқан тарихы терең оқу ордасы. Аталған академияның «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының оқытушы-профессорлары және «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімгерлері арасында Салауатты өмір салты шкаласы (WHOQOL-BREF) KАZ) Google-формда және бетпе-бет сауаланама жүргізілді. Іс-сапар аясындағы жүргізілген зерттеу нәтижелері Түркия Республикасының, Байбурт университетінде өткізілген халықаралық конгресте және Алматы қаласында өткізілген VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жарияланды: - Korkyt ata üniversitesi öğrencilerinin yaşam kalitesi algilarinin değerlendirilmesi // II. Uluslararası Dede Korkut Eğitim Araştırmaları Kongresi, 3-5 Еkim, Bayburt. - Жоғары оқу орны студенттерінің салауатты өмір салты мен өмір сүру сапасына қанағаттану деңгейін зерттеу // Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Еркін Кинаятұлы Уанбаевтың 70 жас мерейтойына арналған «білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация» VII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы.

Мәліметтер

Галерея

5 сурет

Іссапар галереясы