Дене мәдениеті» кафедрасының PhD докторы, Ермаханов Бағлан Өмірзақұлы (жоба жетекшісі) мен Phd, қауымдастырылған профессор Халықаралық туризм және меймандостық университеті, «Денешынықтыру және спорт мектебінің» директоры Омаров Бахытжан Султановичтың (жоба орындаушысы) 18.12.2024-24.12.2024 жж. аралығында Қарағанды қаласына жасаған іс-сапары барысында атқарған жұмыстарының ҚЫСҚАША ЕСЕБІ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетімен 2023 жылы 03 тамыздағы №267/23-25 келісім-шарты бойынша AP19676522 «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шкаласы ((WHOQOL-BREF) KАZ) көрсеткіштерін талдау негізінде жоғары оқу орны білімгерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбындағы гранттық жобаның күнтізбелік жоспарына сәйкес, Қарағанды қаласына 18.12.2024-24.12.2024 жж. күндері аралығында іс-сапарға бардық. Е.Букетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті мен Қазтұтынуодағы Қарағанды университеттері заманауи білім беру мен кәсіби маман даярлауда өзіндік тәжірибесі қалыптасқан тарихы терең оқу ордасы. Аталған академияның «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының оқытушы-профессорлары және «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімгерлері арасында Салауатты өмір салты шкаласы (WHOQOL-BREF) KАZ) бетпе-бет жүргізілді. Зертеу нәтижелері конференция мен журналдарда жариялану жоспарланды.
Галерея
3 сурет
YouTube видео
Қарау үшін видеоны басыңыз
Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімгерл...
Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушы-профессорлар...