«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨПСАЛАЛЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КОНГРЕСІ» (Сивас, 2025) Түркия Республикасының Анкара қаласындағы «Гази университеті спорттағы қабілет, жылдамдық, жаттығу және зерттеу» (Gazi Üniversitesi Sporda Yetenek ve Performans Uygulama ve Araştırma Merkezi) орталығында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасағандығы туралы куәлік алынды, тәжірибе алмастырылды. Гази университетінің ғылыми әлеуетімен танысып, ғалымдарымен бірлестікте алдағы уақытта ортақ ғылыми жобалар атқару мәселелері талқыланды. Зерттеу нәтижелері Түркияның Сивас қаласындағы халықаралық конгресте баяндалып, растаушы сертификат алынды. Баяндама тақырыптары: 1. Üniversite öğrencilerinin herkes için spor faaliyetlerine katılımlarına göre yaşam kalitesi düzeylerinin karşılaştırılması; 2. Üniversite öğrencilerinde vücut kompozisyonu ile yaşam kalitesi arasindaki ilişki Халықаралық конгрес сілтемесі: Sivas Cumhuriyet Üniversitesi ULUSLARARASI MULTİDİSİPLİNER BİLİMSEL ARAŞTIRMA KONGRESİ 04-06 Temmuz 2025 / Sivas https://www.iksadkongre.com/cumhuriyet Пәнаралас бағытта өткен шарада Қазақстан, Германия, Индия, Өзбекстан, Әзeрбайжан, Франция, Қытай және басқа да 30 дан астам елдің ғалымдары мен жастары қатысып, жалпы саны 617 баяндама тыңдалды. Аталмыш конгрес пен ғылыми іссапар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (жеке тіркеу номері AP19676522) жобасын іске асыру мақсатында «Дене мәдениеті» кафедрасының PhD докторы, Ермаханов Бағлан Өмірзақұлы (жоба жетекшісі) мен «Педагогика және психология» кафедрасының профессоры, п.ғ.к., Данияров Талгат Абубакирович (жоба орындаушысы) 30.06.2025 – 05.07.2025 жж. аралығында іске асырылды.
Галерея
4 сурет