Салауаттылық өлшемі (шкаласы). Оқулық

Салауаттылық өлшемі (шкаласы). Оқулық

Бұл оқулықтың мектеп мұғалімдеріне, жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларына, докторанттар мен магистранттарға жан-жақты жарасымды еңбек етуіне қосар үлесі өте жоғары. Оқулықты Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің PhD докторы, қауымдастырылған профессор Ермаханов Бағлан мен п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Данияров Талғат және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің п.ғ.д., профессор Мухамеджанов Бахытжан авторлық бірлестікте әзірлеген. Оқулық жоғары оқу орны магистранттары мен студенттері үшін ғана емес, арнаулы оқу орындары студенттеріне және жалпы білім беретін мектеп дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне де пайдалануға арналған. Оқулықтың тақырыбы мен жалпы мазмұнында Тұрақты даму мақсаттары Қазақстан: «денсаулық пен амандық» және «сапалы білім беру» қамтылған. Оқулық Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің (жеке тіркеу нөмірі: AP19676522) гранттық жобасын жүзеге асыру аясында орындалды.

Баспа: Түркістан 2025